RU
Кәріз құдығына түсіп, газдан уланған дәрігер жансақтау бөлімінен шығарылды
Жаңалықтар Қоғам

Кәріз құдығына түсіп, газдан уланған дәрігер жансақтау бөлімінен шығарылды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысы Шелек ауруханасында осыдан біраз уақыт бұрын қайғылы оқиғадан үш адам қаза тапқан болатын. Оқыс жағдайдан соң аталмыш аурухананың бас дәрігері өз еркімен қызметінен кетті деп хабарлайды "Астана" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bloknot.ru

Фото: bloknot.ru

Ал кәріз құдығына түскен адамдарға көмек көсетпек болған дәрігер жансақтау бөлімінен шығарылды. Қазір ол палатада ем қабылдап жатыр. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалыммұрат Жүкел айтып берді.

"Қайғылы оқиға осыдан он күн бұрын болды. Аурухана алдындағы кәріз құдығында жиылған газдан уланған үш адам мерт болып, біреуі жансақтау бөліміне түскен еді. Қаза болғандардың отбасына жергілікті билік, тергеу аяқталғаннан кейін өтемақы төлемек", - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалыммұрат Жүкел.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel