RU
Алматыда арық бойынан табылған 26 жастағы келіншекті күйеуі өлтіріп кеткен
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда арық бойынан табылған 26 жастағы келіншекті күйеуі өлтіріп кеткен

Рассказать Вконтакте

Бірнеше күн бұрын Алматыда арық бойынан табылған 26 жастағы келіншекті бұрынғы күйеуі өлтіріп кеткен болып шықты деп хабарлайды "Қазақпарат" агенттігене сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:Tumba.kz

Фото:Tumba.kz

Қаза тапқан келіншектің танысы оны бұрынғы күйеуі аңдып жүріп, өлтіріп кеткенін айтып берді.

Келіншек элиталы үйлердің бірінде қарт кісіге күтуші болып жұмыс жасаған екен.

Қаза табушы күйеуімен бұрын ажырасқанымен, ол оны іздеп келіп, қызғаныштан қатты ұрған. Соққыдан 26 жастағы әйелдің бір құлағы жарылып кеткен.

Ал осыдан кейін азамат өзгелер "зорланған" деген ойда болуы үшін, бұрынғы әйелін шешіндіріп тастап кеткен.

Бейнебақылау камераларын бақылаған полиция қызметкерлері күдіктіні бірден қолға түсірген. Қазір ол тергеу абақтысында.

Ал қайтыс болған әйелдің артында кішкентай баласы қалған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
10
8
2
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel