RU
Тәжікстанда алғаш рет салмағы 7 келіден асатын алып сәби дүниеге келді
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Тәжікстанда алғаш рет салмағы 7 келіден асатын алып сәби дүниеге келді

Рассказать Вконтакте

Тәжікстанның Куляб перзентханасында дүниеге 7 келі 200 грамм салмақпен алып бала келді. Сәби барлық жаңа туған нәрестелер ішінде салмақ жағынан рекорд орнатқан деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: centralasian.org

Фото: centralasian.org

Куляб қаласы перзентханасының меңгерушісі Халима Гадоеваның сөзінше, алып нәресте күні кеше 12 шілдеде дүние есігін ашқан.

Оның сөзінше, сәби мен анасының денсаулығы бір қалыпты.

"Мен өзімнің тәжірибемнен осындай батырды бірінші рет көруім. Бұл Тәжікстанда бірінші болған жағдай", - дейді Халима Гадоева.

Сәбидің анасы Тахмина Одинаева 30 жаста. Бұл оның отбасындағы бесінші сәбиі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel