RU
Ақмола облысында қызметкерін балағаттаған басшының видеосы дау тудырды
Жаңалықтар Қоғам

Ақмола облысында қызметкерін балағаттаған басшының видеосы дау тудырды

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысы тәртіптік кеңесі Сандықтау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысын қызметіне лайық емес деп тапты. Мәдина Дүйсенбаеваның қарамағындағылар оны өздеріне тіл тигізіп, намысқа тиетін әрекеттер жасайды леп айыптауда. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ақмола облысында қызметкерін балағаттаған басшының видеосы дау тудырды

Мәдина Дүйсенбаева. Кадр КТК арнасынан алынды

Басшының мәселесін май шаммен қарауға қарамағындағылардың шағымы себеп болған. Оның адуынды мінезіне шыдамаған қызметкерлер құзырлы орындарға өз дәлелдерін алып келіпті.

Басшының бұл әрекеті – қызметкерлерінің көрген құқайларының бірі ғана екен. Айтуларынша, қолына берген құжатты бетке лақтыру, болмаса аяғымен таптау, намыстарына тиетін сөз айту – аудан мәдениетін басқарған басшыға тән қылықтар.

Тіпті аудан әкімінің орынбасарына дейін тіл тигізген болып шықты. Әдеп кеңесінің мүшелері Мәдина Дүйсенбаеваның бұл бассыздығына қарап, бірауыздан қызметінен кетіру керек деп шешті.

Ал кеңес отырысына қатысқан бөлім басшысы бұның бәрін жала деп отыр.

"Анау үн таспадағы мен емес. Маған оның мүлдем қатысы жоқ. Мен ешкімге ешқашан жаман сөз айтқан емеспін! Оны әлі дәлелдеу керек!", - дейді Сандықтау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мәдина Дүйсенбаева.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel