RU
Дональд Трамп Путин жайлы: Ол менің дұшпаным емес
Жаңалықтар Әлемде

Дональд Трамп Путин жайлы: Ол менің дұшпаным емес

Рассказать Вконтакте

АҚШ президенті Дональд Трамп алда жоспарланған Ресей президентімен кездесуге қатысты журналистердің сұрақтарына жауап беріп, Владимир Путинді дұшпаны деп санамайтынын айтты. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Трамп Путин жайлы: Ол менің дұшпаным емес

Трамп Путин жайлы: Ол менің дұшпаным емес

"Ол менің досым емес, мен оны жақсы білмеймін әрі ол менің дұшпаным да емес. Ол жәй Ресейдің президенті", – деп мәлімдеді ол БАҚ өкілдеріне.

АҚШ лидері еуропалық сапарының ішінде Путинмен кездесу әлдеқайда жеңіл болатын секілді деп, әрі ол досына айналуы мүмкін деген үмітін жеткізді.

Трамп НАТО бойынша одақтас елдер басшылары өзінің Путинмен кездесуіне разы деп атап өтті.

Еске сала кетейік, Ресей және АҚШ президенттерінің кездесуі 16 шілдеде Хельсинкиде өтеді. Владимир Путин мен Дональд Трамп екіжақты ынтымақтастық пен Сириядағы және Украина шығысындағы жағдайды талқылайды деп күтіледі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel