RU
Ішінде 100 мың рублі бар әмиянды иесіне қайтарған тәжік жігіті желіде хит болды
Жаңалықтар Әлемде

Ішінде 100 мың рублі бар әмиянды иесіне қайтарған тәжік жігіті желіде хит болды

Рассказать Вконтакте

Якутск қаласының тұрғыны жоғалтып алған әмияны мен оның ішінде болған 100 мың рубльді қаз-қалпында қайтарып берген тәжік жігітінің әрекетін елге паш етті. Ішінде маңызды құжаттары мен қомақты қаражаты бар әмиянды иесіне қайтарып берген Ахмадджонға аз уақыттың ішінде жүздеген адам алғысын жаудырды деп хабарлайды "Озоди" радиосына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ішінде 100 мың рублі бар әмиянды иесіне қайтарған тәжік жігіті желіде хит болды

Ахмадджон. Кадр видеодан алынды

Жоғалған әмиянын қайтарып берген тәжік жігітіне аса риза болған кәсіпкер оны сол мезетте видеоға түсіріп, желіге жүктеген. Видео аз уақыттың ішінде тарап кетіп, жүздеген адам тәжікстандық азаматқа алғысын жаудырды.

33 жастағы Ахмадджон Расулов 11 шілде күні жерде жатқан ақшаға толы әмиянды тауып алып, бірнеше сағаттың ішінде оны иесіне қайтарып берген. Әмиян якутиялық "Профоценка" компаниясының басшысы Вячеслав Владимировқа тиесілі болған.

«Мен тәжік жігітінің әрекетіне таң тамаша болдым. Оның орнында басқа біреу болса, ақшаны алып, әмиянымды тастай салар еді. Ахмад өте тәрбиелі, иманды жігіт екен", - деді кәсіпкер.

Ал Ахмадджон болса, таңғаларлықтай ешнәрсе жасамадым деп отыр. Оның айтуынша, кез келген адам оның орнында болса, осылай жасар еді.

«"Лексус" көлігінің жанында жатқан портмонені көрдім. Осы көліктің иесінікі болар деп, көлікті тарс еткіздім. Көліктің дабылы ойнағанмен, ешкім келмеді. Жұмысқа асыққандықтан, 15 минут күтіп тұрып, өз ісіммен кеттім", - дейді ол.

Жұмысқа келіп, ол әмиянда 100 мың рубль, құжаттар және банк карталары бар екенін көреді. Тез арада таныс полицей қызметкеріне хабарласып, құжат бойынша әмиянның қожайынын тауып беруді сұрайды. Осылайша ақшаның қожайыны табылып, Ахмад әмиянды оған өзі апарып беріпті.

Жігіттің адамшылығына қатты риза болған кәсіпкер, оған 100 мың рубльден қанша алғысы келсе, сонша алуын өтінеді. Алайда жігіт бас тартқан соң, ол 10 мың рубль сыйақы береді.

Ахмаджон Расулов Оби Гарм Рогун жамағатының тұрғыны. Оның Ресейге келіп, жұмыс істеп жүргеніне бес жыл болған. Туған жерінде оны әйелі мен үш баласы күтуде.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
23
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel