RU
Жол полициясынан зәбір көрген шымкенттік жігіт жанайқайын жеткізді (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Жол полициясынан зәбір көрген шымкенттік жігіт жанайқайын жеткізді (видео)

Рассказать Вконтакте

Жол патрульдік полиция қызметкерлерінен зәбір көрдім деген Дархан Дилдашбеков тәртіп сақшылары оны қалай ұрып-соққанын айтты. Айтуынша, олар өз қызметін пайдаланып оны есінен танғанша ұрған деп хабарлайды tvk-uko арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жол полициясынан зәбір көрген шымкенттік жігіт өз шындығын айтты (видео)

Дархан Дилдашбеков. Кадр видеосюжеттен алынды

Дархан Дилдашбековтің айтуынша, тәртіп сақшылары ұрып-соғып, ақырында есінен тандырып тастапты. Тіпті көлігін ақылы айыптұраққа жауып, ойына келгенін істеген. Ал жүргізушінің қан қысымы көтеріліп, денсаулығы сыр берген соң жедел жәрдем шақыртып ауруханаға алып кетіпті. Дегенмен, пагондылар іс-әрекетіміз заңды, бағынбаушылық танытқаннан кейін күш қолдануға тура келді деп ақталуда.

"Мен арыз жазам. Бәріне жазам. Мен мұндай айуандықты көрген жоқпын", - дейді ашынған тұрғын.

Тәртіп сақшыларының таяғын жеп, есінен танған Дархан Дилдашбеков ауруханада ғана өзіне келген. 5 жылдан бері Шымкент пен Темірлан арасында жолаушылар тасымалдап жүріп, мұндай бассыздықты көрмедім дейді.

Айтуынша, ешқандай ереже бұзбай кезегін күтіп тұрғанда жол патрульдік полициясының инспекторы құжат сұрап тиісе бастаған. Сөйтіп, құқығын қорғаған жүргізушіге бас салып, күш қолданыпты.

"Кілтімді тартып алды біреуі. Сосын көлікке отыр деді. Мен отырмаймын деп едім, екеуі күштеп мінгізді. Одан кейін арқамнан келіп тұншықтырып, басымнан ұрды. Екінші рет қылқындырып басымнан ұрғанда талып қалдым. Көзімді ашсам Громовада екенмін. Ары қарай білмеймін", - дейді Дархан.

Оқиға Темірлан тас жолында түскі сағат 12:00 шамасында болған. Куәгерлердің айтуына қарағанда, Ордабасы ауданының орталығына қатынайтын көліктер осы жерде тұрады екен. Дархан Дилдашбековте тәртіп сақшыларының қолына осында түсіпті.

"Ұрып-соғып машинаға мінгізіп жатқан. Старекске. Одан басқасын көрмедім. Алып кетті", - дейді куәгерлердің бірі.

Жүргізуші бағынбаушылық танытты деп күш қолданған автоэкипажды Дархан Дилдашбековтың әпкесі телефонына түсіріп үлгерген. Жедел-жәрдем шақырғанда осы туысы екен.

Арна тілшілері мәселенің мән-жайын білмекке ІІД-не, облыстық жергілікті полиция қызметіне, тіпті жүргізуші айыптап жатқан инспекторларға да хабарласып көрдік. Алайда олар сұхбат беруге келіспеген. Тек жүргізуші көлігін қойған үйдің иесі арыз жазғанын, қазіргі таңда бірнеше хаттама толтырылғанын жеткізіпті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel