RU
Рөлде отырған әйелге күлген офицерлер ақтаулық тұрғынның ашуына тиді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Рөлде отырған әйелге күлген офицерлер ақтаулық тұрғынның ашуына тиді (видео)

Рассказать Вконтакте

Ақтау тұрғыны көлігіне жол үстінде кедергі туғызып, күліп мазақ қылған көлік жүргізушісі мен жолаушылардың қылығына қайран қалды деп хабарлайды Тумба.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет: Тумба.kz

Сурет: Тумба.kz

Әйелдің айтуынша, көліктің салоны теңіз офицерлеріне толы болған. Жүргізуші апатты жағдайды туғызып, бірнеше рет жол ережесін бұзып үлгеріпті.

"Осының бәрін олар рөлдегі әйелдің ашуын келтіру үшін істеген. Бұл ер азаматтарға, офицерлерге тән ба? Формадағы ер азаматтардың тарапынан болған үлкен қателік", - деді Алина.

Оның сөзінше, жүргізуші жігіт әйелдің оған жол бермегені үшін ашуға булығып, осындай әрекет танытқан.

"Ол менің бүкіл жолымды кесті. Бірдеңе деп те айқайлап жатты. Бағдаршамдардың бірінде менімен жағаласып келе жатқан, егер мен сол кезде тоқтамағанда, оның көлігін соғар едім. Салондағы жолаушылар маған қарап күлді", - дейді видео авторы.

Келіншек ерсі қылық танытқан еркектердің қылығынынан бұрын олардың жол апатын болдыратын жағдай туғызғанына шүйліккен.

"Кез келген жүргізуші қиып кеткен жағдайға тап болады деп ойлаймын. Ол қауіптілікті сезуі керек еді. Егер реакцияң мен тәжірибең болса жақсы ғой, бірақ кейде осындай жағдайлар үлкен жол апаттарына әкеп соғатынын көріп жатырмыз. Ондай бола қалған жағдайда олар жазасыз қалар еді", - дейді Алина.

Полицейлер осындай жағдайлардың аз еместігін жеткізген. Мұндай жағдайларда видеобақылау камералары мен видеотіркеулер құтқарып қалады екен.

"Сізді қиып жатса, тоқтаңыз, өз жолағыңызда қалмаңыз. Жаныңызға бұрсаңыз - кінәсіз адамды қиясыз не жолдан шығып кетесіз. Егер соқтығысудан қашып құтыла алмасаңыз, кінәлі көлікті қағыңыз", - дейді жол сақшылары.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel