Байлар үшін өмір сүруге ең қолайлы елдер анықталды
UBS AG банкі жүргізген зерттеу сәйкес әлемдегі өмір сүру үшін ең қымбат қалалар болып Швейцарияның Цюрих пен Женева шаһарлары танылған. Бұл туралы life.ru порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: © Flickr/Timo
Алғашқы үздік бестікке Норвегия астанасы Осло, Дания астанасы Копенгаген мен АҚШ-тың ең ірі қаласы Нью-Йорк кірген.
Айта кетейік, тізімге бар жоғы 77 қала енген.
Басылымның жазуынша, тұрғын үйді жалға алу құнын есепке алмағанда Цюрихте өмір сүру үшін кем дегенде айына 4260 доллар табу керек.
Ал Женевада бұл көрсеткіш 4165 долларды құраса, Нью-Йоркте табысыңыз 3673 доллардан кем болмауы тиіс.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
1
0
Тағы да оқыңыздар
Пікір