RU
Оқушыларды аш күйінде жертөлеге қамап тастаған мұғалімдер елді шошытты
Жаңалықтар Әлемде

Оқушыларды аш күйінде жертөлеге қамап тастаған мұғалімдер елді шошытты

Рассказать Вконтакте

Үндістанның Нью-Дели қаласындағы мектептердің бірінде мұғалімдер 50 шақты баланы жалғыз өздерін жертөлеге қамап, су-тамақсыз қалдырған. Бұл туралы life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Сурет: РИА Новости

Сурет: РИА Новости

Мектепке балаларын алып кетуге келген ата-аналар оларды таппай дал болған. Олар мұғалімдерден балаларының қайда екенін сұрағанда ұстаздар жертөлені көрсетіпті.

Белгілі болғандай, балақайлар қараңғы жертөледе су-тамақсыз төрт сағаттай отырған. Сонымен қатар, іштегі ауа температурасы 40 градус шамасында болыпты. Кейбіреулері тіпті өздерін жайсыз сезінген.

Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, балалардың ата-аналары оқу ақысын уақытылы төлемегені үшін олар осындай қадамға барған. Мұғалімдер болса бұл сөздерді жоққа шығарды.

Полицейлер мектеп директорын кәмелет жасқа толмаған балаларды еркіндіктен айырғаны үшін қамауға алды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel