Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүктілігін толғақ қысқанда білген әйел егіз сәбилерді дүниеге әкелді (фото)

Опубликовано:

21 жастағы британиялық бойжеткен өзінің жүкті екенін үйінде толғақ басталған кезде бір-ақ біліп, егіз сәбилерді дүниеге әкелді деп жазады lenta.ru порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Beth Bamford
Фото: Beth Bamford: UGC

Британия тұрғыны Бэмфорд өзінің жүкті екенін тоғыз ай бойы білмеген. Әйелдің етеккірі үнемі келіп тұрған, ал үлкейіп кеткен ішін ол "жай ғана семіздікке" балаған.

Жүктілік кезінде келіншек дәрігерлерге бірнеше рет қаралып, оған вирустық инфекция диагнозы қойылған.

"Мен төсекте жатқан болатынмын, кенеттен ішім қатты ауыра бастады. Мен өзіме су құйып алып, дәретханаға бардым. Сәлден соң толғақ басталып кетті, мен еш қиналмастан егіздерді дәретханада дүниеге әкелдім", - дейді Бэмфорд.

Ол сол сәтте жедел жәрдемге хабарласып, дәрігерлер жеткенше келіншекке телефон арқылы көмектескен.

Алғашында күйеуі де, ақ халаттылар да оның жүкті екенін өзі де білмегеніне күмәнмен қараған.

"Мен босанғаннан кейін өзім де шошып кеттім, ал олар мені өтірікші деп отыр", - деп ренішін білдірді Бэмфорд.

Қазір егіздердің анасы ауруханадан шыққан. Бэмфордтың егіз қыздарынан бөлек тағы екі қызы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1742038-zktiligin-tolgak-kyskanda-bilgen-jel-egiz-sbilerdi-dniege-keldi-foto/

pixel