RU
Мақпал Жүнісова өзіне балағат сөзді кім үйреткенін жайып салды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мақпал Жүнісова өзіне балағат сөзді кім үйреткенін жайып салды

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын балағат сөз айтқан видеосы үшін қоқан-лоққы көргенін айтқан Мақпал Жүнісова теріс сөздерді кімнен үйренгенін жайып салды деп жазады NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова. Фото: Ult.kz

Мақпал Жүнісова. Фото: Ult.kz

"Таңшолпан" бағдарламасына қонаққа келген халық әртісі жан сырымен бөлісіп, ағынан жарылды. Өмірінің қиын жылдарында күйзеліске түскен әнші, сәтсіздікке шыдай алмай, балағат сөз айтқан екен. Ал оны видеоға түсіріп алушылар Жүнісовадан көлік сұрап, қоқан-лоққы жасаған.

"Ана жерде жылағым келіп, "Әй, қарақтарым, бұларың не" деп сыбырлап тұрғанмын ғой. Сөйтсем, "білмеймін мен сізді түсірем деп айтқан жоқ" деп бастықсымақ біреу шала сөйлеп тұрғанда, мен боқтап жібердім.

Ол боқтықты мен екінші сыныптың балаларынан үйрендім. Маған екінші сыныптың балалары солай боқтап жүретін. Ашудан жаман сөз айтып қойдым. Оған енді кінәлімін. Ал, оны біреулер Youtube-қа ішіп алған, мас екен деп салып қойған. Масқара ғой", - деді өкпелеп қалған әнші.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
1
1
0
3
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel