RU
Қалыңдық өз тойында өзі өртеніп кете жаздады (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қалыңдық өз тойында өзі өртеніп кете жаздады (фото)

Рассказать Вконтакте

Ұлыбритания тұрғыны той үстінде жерге түсіп кеткен бенгаль отының ұшқынынан өртеніп кете жаздады деп хабарлайды Lenta.ru порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Rachel Beaufoy-тың Facebook парақшасынан алынды

Фото: Rachel Beaufoy-тың Facebook парақшасынан алынды

Белгілі болғандай Рейчел Бофой күйеужігіті Полмен бірге Девон графтығының қонақ үйлерінің бірінде үйлену тойларын өткізіп жатқан.

33 жастағы келіншек кенеттен түтіннің иісін сезіп, аяғының астында бірнәрсенің қызып жатқандығын да байқайды. Сол сәтте қалыңдық көйлегінің етегі өртеніп жатқан көреді.

"Мен қатты шошып, айқайлай бастадым. Менің қолымда кішкентай қызым бар еді, не істерімді де білмедім. Аяғымнан айырылатын шығармын деп ойладым", - дейді Бофой.

Фото: Rachel Beaufoy-тың Facebook парақшасынан алынды

Фото: Rachel Beaufoy-тың Facebook парақшасынан алынды

Той қонақтары өртті сырамен сөндірмек болған, ал анасы қызды суға итеруді ойлаған. Абырой болғанда жалынды қалыңдық өзі тоқтатып, дін аман қалды. Ал көйлек болса қайта қалпынға келместей болып, бүліп қалған.

"Мен аяғымның қатты күйіп жатқандығын сездім, бірақ ешқандай да күйіктің ізі жоқ", - деп қалыңдық таңқалғанын жасыра алмады.

Бофой өрттің себебі бенгаль оты деп ойлайды. Себебі өрт шығардын алдында ғана жастар далаға от шашу үшін шыққан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel