RU
Өмірімен қош айтыспақ болған ер жігіт өзін өртеп жіберді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Өмірімен қош айтыспақ болған ер жігіт өзін өртеп жіберді

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысындағы Бұландын ауданына қарасты Макинск қаласының тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберген. Ер азамат өмірмен қош айтыспақ болып осындай әрекетке барған деп хабарлайды NUR.KZ.

фото: vesti.az

фото: vesti.az

Оқиға 3 шілде күні сағат түңгі бір шамасында орын алған. Аудандық ауруханаға 24 жастағы ер жігіт пен оның 16 жастағы інісі жеткізілді.

Қазіргі таңда зардап шеккендердің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 24 жастағы ер азамат денесінің 98%-ын күйік шалса, оның інісін шалған өрт көрсеткіші 60%-дан жоғары болған.

Бұландын аудандық әкімшілігінің айтуынша, ағайындылардың үлкені бұған дейін де өзіне-өз қол салмақ болған. Талғат есімді ер азамат бірнеше мәрте дәрі-дәрмек ішіп, өмірмен қош айтысуға ұмтылды.

Осы жолы ол өзінің үстіне жанармай құйып, өртеп жібермек болған. 24 жастағы ер адамды құтқарып қалмақ болған інісі сасқанынан оны құшақтап алды. Нәтижесінде, 16 жастағы жасөспірімнің денесі де өртке оранған.

Ер азаматтың не себепті бұл қадамға барғаны қазіргі уақытта зерттеліп жатыр. Өзбекстаннан 2002 жылы қоныс аударған отбасыда жанжал мен дау-дамайлар болмаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel