Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аптап ыстықта көмектесетін кондицонер адамның бетін қисайтып жібереді

Опубликовано:

Жаздың аптап ыстығында адамдардың көбі салқындатқыштың көмегіне жүгінеді. Дәрігер Жарқын Шұғаев болса бұл бет-ауыздың қисайып, жүйкенің жансыздануына әкеп соғатынын айтты деп хабарлайды "амана"басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Өз тәжірибемде жиі кездесетін жайлардан мысал келтіре отырып айтайын. Талдықорғаннан Серік деген 29 жастағы жігітті емдеп едім. Бір жақ беті жансызданып, қисайып қалыпты. Көзі де жұмылмайды. «Жарты жылдан бері бармаған жерім қалмады», – дейді. Бағамдасам, жел тиген. «Сквознякта» отырған. Жұмыс орнында «кондиционер» бар дегендей. Мен оған бетте үш салалы тамыр барын айттым. Соған суық жел, салқын әсер еткенде осылай көз жұмылмай, бет пен ауыз бір жағына қарай қисайып қалады.
Жарқын Шұғаев. Сурет: Замана
Жарқын Шұғаев. Сурет: Замана: UGC

Қапырық пен ыстықта адамдардың көбі сал­қындатқыш жанында жан сақтайтыны рас. Есік-терезені ашып қойып, жел өтінде отырады. Дәрігердің айтуынша, құлақ сырғалығының артында бір нүкте, ал көк­желкеде "желкөлі" деген нүкте бар екен. Міне, сол жердегі жүйке талшығына суық тез өтіп кететін көрінеді.

"Үш-алты ай бойы бір жақ беті жансызданып қалғандар­ға күшәла (мышьяк) өте шипа. Бұл сыртқа істететін уыты күшті дәрі. Осы күшәланы 24 сағат суға шылап қойып (мұны "өлтіру" дейді, уытын қайтарады), сосын жұқалап кесу керек. Қалыңдығы 5 миллиметрден аспағаны дұрыс. Жансыздан­ған жаққа – көздің асты, құлақ тұсына қойып, сыртынан таңып тастайды. Күніне 1 рет алмастыру арқылы 7 рет жасалады", – дейді дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1742065-aptap-ystykta-kmektesetin-kondiconer-adamny-betin-kisajtyp-ziberedi/

pixel