RU
Қарт ана отбасымен бірге Сириядағы соғысқа кетіп қалған қызын қайтара алмай жүр
Жаңалықтар Қоғам

Қарт ана отбасымен бірге Сириядағы соғысқа кетіп қалған қызын қайтара алмай жүр

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының тұрғыны осыдан бес жыр бұрын Сирияға отбасымен кетіп қалған қызын елге қайтара алмай жүр. Халима Бейсембекова тіпті, сол уақыт аралығында Шам жерінде туылған екі жиенін де көрмеген деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Нұргүл мен Кенжебек Ахмадиевтар үш баласымен бірге Сириядағы соғысқа аттанып кетіп қалған. Бес жыл бойы сонда тұрған ерлі-зайыптылардың Шам жерінде тағы да екі баласы дүниеге келді.

Халима әжей аса қауіпті жерге қоныс аударған қызын Қазақстанға қайтара алмай әлек. Жиендерін қатты сағынған апа оларға ұялы телефон арқылы хабарласып, видео қоңырау шалып бет-жүздерін көрісіп тұрады. Бірақ мұндай сәттер өте сирек болып тұрады дейді әжей.

Сирияға кеткен қыз-күйеу баласының бұл жақтағы туыстарымен үнемі тілдесе беруге мүмкіндіктері жоқ. Мүмкіндіктері болғанда да жарытып сөйлесе қоймайды.

Мектепті қызылға бітіріп, екі бірдей жоғарғы оқу орнын тәмәмдаған кенже қыздың осылайша Сирияға ат басын бұрып кетерін ешкім ойламаған. Болашағынан үлкен үміт күттірген қыз өзгенің сөзін елемей, күйеуінің артынан Шам еліне бір-ақ кетті.

Ал Қоғамдық даму министрлігіне қарасты қоғамдық даму комитет төрағасының орынбасары дәл қазіргі уақытта Сирияда жүрген қазақтардың нақты санын айту қиынға соғатынын айтты.

«Бір кездері олардың саны 400-ге жуық деген болатын. Қазір 300-ге дейін төмендегені айтылып жатыр. Бірақ нақты мәліметті ешкім айта алмайды деп ойлаймын», – деп айтты төрағасы орынбасары Балғабек Мырзаев.

ҚР ҰҚК желтоқсан айында берген мәліметіне сүйенсек, Сирия елінен елімізге 125 адам оралып, оның 57-сі қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel