RU
Бір сөзбен шешеді: Қазақстанда билер соты қайта жаңғыруы мүмкін бе?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Бір сөзбен шешеді: Қазақстанда билер соты қайта жаңғыруы мүмкін бе?

Рассказать Вконтакте

Жоғары сот төрағасының кеңесшісі Сағатбек Сүлеймен қазақ қоғамында өз уақытысында өзекті болған билер сотын қайта жаңғыртуды ұсынды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би ескерткіші. Сурет: kazgazeta.kz

Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би ескерткіші. Сурет: kazgazeta.kz

Спикердің айтуынша, ежелгі салт қоғамдағы даулы мәселелердің азаюына мүмкіндік береді. Ол аталмыш органның құрамына абыройлы әрі құрметті адамдар кіруі керек деп есептейді.

Сағатбектің ойынша, осындай адамдарды дайындап, оларға арнайы курстардан өтуге мүмкіндік беріп, би атағын тағайындау керек.

"Олар бюрократиясыз, сотсыз, сөз құдіретінің арқасында дау-дамайларды шешіп, адамдарды ортақ бір шешімге келуге үгіттей алады", - дейді Жоғары соттың өкілі.

Сағатбек Сүлеймен, сондай-ақ, ата салтты жаңғырту даулы мәселелердің азаюына әсер етіп, ресми соттардың жүгін жеңілдететінін атап өтті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel