Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда қатты соққан найзағай жанармай бекетін ойрандап кетті

Опубликовано:

12 шілде күні Қарағандыдағы жанармай бекетіне түскен найзағай салдарынан жарылыс орын алды. Нәтижесінде, бекеттің жанармай тарататын төрт колонкасы істен шығып кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: scandal_krg
Фото: scandal_krg: UGC

Майқұдықтың 15-ші шағын ауданында орналасқан жанармай бекетінде найзағай салдарынан үлкен жарылыс орын алды. Найзағайдың соғу күшінің қатты болғаны соншалық, жанармай бекетінің негізгі төрт колонкасы тас-талқан болған.

"Жарылыс өте қатты болды. Ол бекеттің колонкаларынан бөлек, оның аумағындағы кірпіш қоршауын да ойрандап кетті. Жаңбырдың арқасында жарылыс өртке ұласқан жоқ", - деп айтты куәгерлер.
Фото: scandal_krg
Фото: scandal_krg: UGC

Scandal_krg Instagram парақшасына оқиға орнынан түсірілген видео жүктелді. Бейнежазбада жанармай бекетінің жарылыстан кейінгі кезі көрініс тапты.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

"Жарылыс туралы ақпарат бізге сағат 15:43 шамасында түсті. Оқиға орнына 24 адам мен 5 арнайы техника жөнелтілді. Мамандар жарылыстан кейін өрт болмағанын анықтады. Құтқарушылар өз жұмысын сағат 16:30-да аяқтады." - делінген ресми мәлімдемеде.

Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1742110-karagandyda-katty-sokkan-najzagaj-zanarmaj-beketin-ojrandap-ketti/

pixel