RU
Жасырынудың қажеті жоқ: Көп әйел алуға шақырған министр талқыға түсті
Жаңалықтар Әлемде

Жасырынудың қажеті жоқ: Көп әйел алуға шақырған министр талқыға түсті

Рассказать Вконтакте

Шешенстанның Ұлттық саясат министрі Джамбұлат Ұмаров ерлер қауымын көп әйел алуға шақырды. Ол тоқал алғысы келетін ер азаматтарға жасқанудың қажеті жоқ екенін айтты деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Виктор Вытольский / РИА Новости

Фото: Виктор Вытольский / РИА Новости

"Заңды әйеліңізден бөлек, тағы да басқа жұбайыңыздың болғанын қалайсың ба? Жасқанбай бар да тоқал ал. Бұл жағдайда ашық әрі әділ бола білу керек. Жасырынып жүрудің дым қажеті жоқ", - деп айтты Ұмаров.

Сондай-ақ, министр ақпарат кеңістігіне тарап кеткен полицейлерге екінші әйел алуға міндеттеу туралы хабарлардың шындыққа жанастпайтынын айтты. Ұмаров бұл ақпарат қарапайым әзіл екенін түсіндірді.

"Бұл бар болғаны қалжың. Ал біреу болса оны әлеуметтік желі арқылы таратып жіберген", - деді министр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel