Выйти
RU

Мөлдір Әуелбекова сүр бойдақ атанған отандық әншіге қыз іздеп жүр (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мөлдір Әуелбекова желідегі парақшасында сахнадағы әріптесі Данияр Өтегенге қыз іздеп жүргенін жазды. Сүр бойдақ атанған "Ринго" тобының әншісі 32 жасқа келсе де шаңырақ көтермеген деп жазады NUR.KZ.

"Мына сүрленген бойдақ жігітке бір түйір сұлу қыз бар ма?", - деп іздеу салды әнші.

Ал Даниярдың тыңдармандары бұл сәтті қалт жібермеуге тырысып, бағын сынап көруге бел байлаған.

"Мөлдір, сүрбойдағыңызбен тансытырсаңызшы", "Менің басым бос", "Мынадай әдемі жігіттің қызы болмауы мүмкін емес қой".

"Не көп, қыз көп. Бұл жігіт арманындағы аруын кездестірмей жүрген шығар", "Алладан бұйрық түссе, сүрленген бойдағыңыз да шаңырақ көтереді" деп пікір білдірді оқырмандар.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мөлдір Әуелбекова сүр бойдақ атанған отандық әншіге қыз іздеп жүр (фото)