RU
Алматыда Mercedes мінген 16 жастағы жігіт полицейлермен "жарысқан" (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда Mercedes мінген 16 жастағы жігіт полицейлермен "жарысқан" (видео)

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ оқырманы редакцияға хабарласып, басынан өткен жағдаймен бөлісті. Айтуынша, қымбат көлікті үлкен жылдамдықта айдаған жүргізуші жолдан өтіп бара жатқан әйел адамды қағып кете жаздаған. Оқиға орнында рөлдегі ер жігіттің кәмелетке толмағаны анықалған.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Артынан қуып келе жатқан полицейлерден жылдамдықты шамадан тыс арттыра қашқан Mercedes S-класс көлігі жолды өтіп бара жатқан қоларбасы бар әйелді қағып кете жаздаған.

Ол жаяу жүргіншілер жолының алдына әрең тоқтады. Ақыр-соңы тәртіп сақшыларына ұсталған көлік жүргізушісі кәмелетке толмаған болып шықты. Оның қасында отырған қыздың жасы болса небәрі 15-те болған.

"Үлкен жылдамдықпен ұшып келе жатып олар әрең тоқтады. Балам екеумізді сәл болғанда қағып кететіндей болды. Арттарына полицейлер қуып жеткенде жүргізуші бірден онымен кліспекші болды.
Ұялы телефонымен біреулерге хабарласып мәселені сол жерде жауып тастағысы келген. Мағанда түсірмеуді сұрағанымен мен оқиғаны түсіре беруді жалғастырдым. Мәселенің әділ шешілгенін қалаймын" , - деп жазған оқырман.

Тәртіп сақшылары жүргізушінің аты-жөнін анықтап, тиісті жазасын беретінін айтқан.

Оқиға орнынан түсірілген видео Алматы қалалық ІІД-не берілді. Олар жақын арада өз мәлімдемелерін жасайтын болады.

.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
5
0
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel