RU
Ақтөбеде миллиондаған парамен ұсталған ірі шенді сотқа жалынды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде миллиондаған парамен ұсталған ірі шенді сотқа жалынды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде мемлекеттік кірістер департаментінің қаржылық тергеу бөлімін басқарған Берікқали Мерейді бүгін сот залына әкелді. Ірі көлемде пара алды деп айыпталған басшыны прокурор екі айға қамауға алуды сұрады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде миллиондаған парамен ұсталған басшы сотта жалынды

Ақтөбеде миллиондаған парамен ұсталған басшы. Фото: nur.kz

Күдікті азамат газ тасымалдаумен айналысқан жергілікті "MAX GAS COMPANY" жеке серіктестігінің шикілігін сотқа жеткізбей, жауып тастау үшін "ауызбастырық" сұраған.

2018 жылдың 6 шілдесінде компания басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке мемлекеттік қызметкердің әрекеті туралы жайып салған.

11 шілде күні 17:00 шамасында Берікқали Мерей қалалық балалар ауруханасының автотұрағына сыйақыны әкеп тастауды сұрайды.

Мекеме қызметкері автосалонда отырып 1 миллион 700 мың теңге көлемінде сыйақы алған күйінде агенттік қызметкерлерінің қолына түскен.

Лауазымды қызметкер бола тұра, пара алуға жол берген басшының үстінен қылмыстық тергеу жүргізілетін болды.

Ақтөбеде миллиондаған парамен ұсталған басшы сотқа жалынды (фото)

Ақтөбеде миллиондаған парамен ұсталған басшы сотқа жалынды (фото)

"Мерей аса ауыр қылмыстық істе күдікті болып танылғандықтан оның бой тасалауы, лауазымын пайдаланып куәгерлерге қысым жасауы мүмкін екенін ескеріп, қылмыстық істің тергеу жұмыстары аяқталғанша екі айға күзетпен ұстауды сұраймын", - деді мемлекеттік айыпталушы Жәнібек Төребеков.

Судья Әділова прокурор ұсынысын заңды деп тауып, облыстық кірістер департаментінің лауазымды қызметкерін қамауға алды.

Айта кетерлігі, күдікті азамат кәмелеттік жасқа толмаған үш баласы барын алға тартып, соттан өзін қамауға алмауын жалынып сұраған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel