RU
"Қашқын" Храпуновтар мен олардың сыбайластары сотқа берілді
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Қашқын" Храпуновтар мен олардың сыбайластары сотқа берілді

Рассказать Вконтакте

Алматы қалалық прокуратурасы Виктор және Лейла Храпуновтар мен олардың сыбайластарына қатысты істі сотқа берді. Бұл туралы құзырлы органның баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: facebook.com

Фото: facebook.com

Храпуновтардың шетелде болуы мен прокуратураға келден бас тартуына байланысты оларға қатысты кінәләу актілері қорғаушыларына табысталған.

Бұған дейін 15 және 27 ақпан күндері жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро ерлі-зайыпты Храпуновтарды шақыртқанымен, ешқандай себептерін айтпастан олар келмей қойған.

Храпуновтармен қатар тағы да 9 адам мемлекеттік мүлікті тонап, қызметтік лауазымдарын асыра пайдалағаны мен пара алғандары үшін айыпталуда.

Олардың мемлекетке әкелген шығын саны 250 млн доллардан асып кеткен.

Заңға сәйкес, сот органы айыпталушының шетелде болуы мен отырысқа келуден бас тартқан жағдайда істі сотталушысыз қарастыра алады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel