RU
Қызылордалық "дөкей" өзінің құдағиын бес жылға соттатып жіберген
Жаңалықтар Қоғам

Қызылордалық "дөкей" өзінің құдағиын бес жылға соттатып жіберген

Рассказать Вконтакте

Жоғарғы сот құдасы 5 жылға соттатып жіберген құдағиды ақтап алды. Бұл туралы республикалық судьялардың кеңейтілген кеңесінде Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Асанов айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қызылордалық азамат өзінің құдағиын бес жылға соттатып жіберген

Қызылордалық азамат өзінің құдағиын бес жылға соттатып жіберген

"Қызылордада екі жас ажырасып, құдалардың арасында араздық пайда болған. Құдалар бір-бірімен айтыса бастаған.

Бір жағының жағдайы жақсы болуы керек. Сол екіншісіне «мен сені құртамын» дейді. Сөйтіп таныстарын салып, органдарды тартып, бұрынғы құдағиын 5 жылға соттатады.

Қалалық сот та, облыстық сот та көз жұмып қараған. Осы істі жақында Жоғарғы сотта қарап, ол кісіні ақтадық», - деді Жақып Асанов.

Оның айтуынша, сол істі қараған тергеушінің өзі сотталып кетіпті. Өйткені ол жалған жауаптар жазған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
2
5
2
0
25
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel