RU
Аптап ыстықта ауыз суға жарымаған ақтөбеліктер босып кетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Аптап ыстықта ауыз суға жарымаған ақтөбеліктер босып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде "Ақжар 2" ауылының тұрғындары ауыз суға жарымай отырғандарын айтып ашынды. Аптап ыстықта су таппай сенделіп шаршаған тұрғындар кімнен көмек сұрарын білмей дал. Жауапты мекемелер халықты құр уәдемен алдап келген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Аптап ыстықта ауыз суға жарымаған ақтөбеліктер босып кетті (фото)

Аптап ыстықта ауыз суға жарымаған ақтөбеліктер босып кетті (фото)

"Бізге су келмей жатыр. "Ақжар 2" ауылында бірнеше көше сусыз отыр. Төрт күн бойына бір тамшы су аққан жоқ. Осыған дейін сағаттап жыламықтатып беретін еді.

Далаға барлық ыдысымызды шығарып қойып отырмыз. Төрт балам бар, төртеуі де ауырып жүр. Қолымда 80 жастағы үлкен кісі бар.

Мынадай ыстықта жағдайымыз қиын болып кетті. Он айлық кішкентай баламның көтенін жуатын су таппай отырмын", - дейді Аянат Оспанова.
Аптап ыстықта ауыз суға жарымаған ақтөбеліктер босып кетті (фото)

Аптап ыстықта ауыз суға жарымаған ақтөбеліктер босып кетті (фото)

"Ақжар 2"ауылының тұрғындары ашудан не істерін білмей отыр.

"Балалардың іші ауырып жүр. Егер жағдай жалғаса берсе жиналып жол жабуға шығамыз", - дейді тұрғындар.

Ауылдағы жағдаймен таныс екендерін айтқан жауапты мекеме мәселені бүгіннен қалдырмай шешетіндерін айтты.

"Бүгін электр жарығы болмағандықтан сорғыш жұмыс жасамай су жібере алмадық. Біз өз тарапымыздан жасалатын жұмысты жасап отырмыз. Бірең-сараң үйлерде қиындықтар болуы мүмкін. Су жеткіземіз. Қиындықтар кешке дейін шешілу керек", -дейді "Ақбұлақ" АҚ мекемесінің Амангелді Боранқұлов.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel