RU
Ел аралап жүрген Сағынтаев өзге өңірлерге Ақтөбе облысын үлгі етті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ел аралап жүрген Сағынтаев өзге өңірлерге Ақтөбе облысын үлгі етті (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралаған премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Ақтөбені Қазақстанның басқа қалаларына үлгі етті. Бұл туралы Aktobenews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Сағынтаев

Ақтөбе қаласының дамуымен танысу Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылдың соңында іске асырылған «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС нысанында басталды.

Зауытты тексергеннен кейін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Ақтөбе» индустриялық аймағының аумағында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы, сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарын цифрландыру және технологиялық жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Сағынтаев

Жұмыс сапары аясында Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік-жекеменшік қағидаты бойынша іске асырылған бірқатар әлеуметтік нысандарды: «Daru Zharygy» офтальмологиялық орталығын, «Алғашқы көмек» ЖШС орталық жедел және шұғыл көмек станциясын, сонымен қатар Жекпе-Жек сарайын аралады.

Премьер-министр, сондай-ақ, жедел жәрдем станциясының құрылымдық бөлімшелерін көріп, диспетчер бөлімінің, call-орталықтың, жедел жәрдем бригадасының жұмысымен танысып, мекеменің қызметкерлерімен кездесті.

Сағынтаев

Нысанды аралап көрген соң Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов премьер-министрге Smart City жобасын ілгерілету туралы айтып берді, жобаны 2020 ж. дейін «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында алты бағыт бойынша іске асыру көзделіп отыр: қауіпсіз қала, «ақылды» тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, білім, медицина, интеллектуалды көлік жүйесі, электронды әкімдік.

Еске салайық, Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлерде жұмыс сапарын жалғастыруда. Осыған дейін Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында жұмыс сапарларымен болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel