RU
Ақмола облысында өзін өлтірмек болған жігіт інісімен бірге өртеніп кетті
Жаңалықтар Қоғам

Ақмола облысында өзін өлтірмек болған жігіт інісімен бірге өртеніп кетті

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында жас жігіт өзін өртемек болған. Оны құтқарғысы келген інісі зардап шегіп, екеуі де ауруханаға түсті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақмола облысында өзін өлтірмек болған жігіт інісімен бірге өртеніп кетті

Көрнекі фото

Оқиға Макинск қаласында 12 шілдеден 13 шілдеге қараған түні болған. Бастапқы деректер бойынша, 24 жастағы жігіт үстіне бензин құйып, өртеп жіберген.

16 жастағы інісі ағасын құтқарамын деп өзі де зардап шеккен. Екеуі де Бұланды орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.

"Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы өте ауыр, көлікпен тасымалдауға болмайды, облыстың мамандарымен кеңесіп отырмыз", — деді аудандық аурухана бас дәрігерінің ұйымдастырушылық-медициналық жұмыс бойынша орынбасары Александр Савченко.

Оның айтуынша, екі науқас та ес-түссіз жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
4
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel