RU
Павлодарда жарыққа млн теңге қарыз болған көпбалалы ана сотта жеңіп шықты
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда жарыққа млн теңге қарыз болған көпбалалы ана сотта жеңіп шықты

Рассказать Вконтакте

Павлодарлық көпбалалы ана энергетиктермен сотта кездесіп, жарық үшін 1 миллион теңге қарыз еместігін дәлелдеді деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Павлодарда жарыққа млн теңге қарыз болған көпбалалы ана сотта жеңіп шықты

Павлодарда жарыққа млн теңге қарыз болған көпбалалы ана сотта жеңіп шықты

Павлодар қалалық сотында өткен отырыста 53 жастағы Ұлар Маманның монополистке қарыз емес екені анықталды.

"Ұлар Мананның шағымы бойынша «Павлодар электржелілік тарату компаниясы» АҚ-ның талабы мен толтырылған актісі жарамсыз деп танылды", - деді Павлодар қалалық сотының судьясы Бақыт Сатиева.

Енді мекеме тұтынушының сотқа шығындаған 101 мың теңгесін өтеуі тиіс.

Айта кетерлігі, Ұлар Маман мен оның туыстары электр көзінен өткен жылдың желтоқсан айында ажыратылған.

Энергетиктер көпбалалы ана пайдалған 81 100 киловатт-сағат жарыққа 928 мың теңге төлеуді талап еткен. Сонымен қатар, зейнеткердің үйін электр энергиясынан ажыратып тастаған. Бұл әрекетке наразы болған зейнеткер энергетиктерді сотқа берді.

Ұлар Мананның айтуынша, ол энергетиктердің құжатына қол қойғанмен, қандай келісімін бергенін түсінбеген. Мамандар есептеуіш құралын тексеріп, тексеріс жөнідегі актіге қол қойғызыпты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
1
0
8
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel