RU
Әмре "Славян базары" байқауының финалына шықты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әмре "Славян базары" байқауының финалына шықты

Рассказать Вконтакте

Беларусьте өтіп жатқан "Славян базарына" Қазақстан атынан қатысқан Әмре байқаудың ақтық сынына жолдама алды. Бұл туралы әншінің продюсері Жан Мұқанов мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Витебскте өтіп жатқан ауқымды байқауға ел намысын қорғауға барған Әмре финалға шықты. 21 мемлекет қатысқан сында 15 мемлекет қана қалды.

Биылғы "Славян базары" байқауының финалына Мексика, Босния және Герцеговина, Әзірбайжан, Гвинея және Египет секілді мемлекеттер өтпей қалған.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Халықаралық музыкалық доданың қазылар алқасында Роза Рымбаева, Робертино Лоретти, Гришко, Морозов, Наталья Орейро және тағы да басқа жұлдызды тұлғалар бой көрсетті.

Байқаудың финалы 14 шілде күні өтпек. Әмре 15-ші болып өнер көрсететін болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
1
12
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel