Шымкентте 38 адамға қатысты ауқымды сот ісі басталды
Тергеу жұмыстары екі жыл бойына созылып, үлкен дау тудырған іс ақтық сынына шықты. Әкімшілік полиция басқармасының тіркеу-бақылау бөлімінде орын алған жемқорлық әрекеттер үшін 38 адам айыпталып отыр. Бұл Шымкенттегі ең ауқымды сот отырыстарының бірі болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Отырар
Шымкент соты үшін бұл ең ауқымды сот ісі болса керек. Бұған дейін айыпталушылар саны ешқашан 38-ге жетіп көрмеген. Олар Қылмыстық кодекстің түрлі баптары бойынша айыпталуда. Сотталушылар жемқорлық әрекеттерінен бөлек, арнайы қылмыстық топ құрғандары үшін де кінәләнып отыр.

Фото: Отырар
Айыпталушылар саны көп болғандықтан әдетте сот отырыстары болып өтетін жерге басқалар тұрмақ, сотталушылардың жартысы да сыймаған. Сол себепті отырыс әл-Фараби полиция бөлімінің акт залына көшірілген. Алайда, айыпталушылар сыйғанымен сот отырысын өз көзімен көргісі келетіндерге орын болмады.

Фото: Отырар
Жемқорлық әрекеттері үшін кінәләнып отырған 38 адамның ішінде тіркеу-бақылау бөлімінің қызметкерлері мен қоса азаматтық тұлғалар да бой көрсетті. Олардың барлығын тұтқындау 2016-2017 жылдары іске асырылды.