Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаның Айқын ба?": Желіге жазба қалдырған Жұлдыз Өмірғали сұрақтың астында қалды

Опубликовано:

Отандық әнші Жұлдыз Өмірғалидің Instagram желісіне жүктеген соңғы жазбасы көпшілік арасында қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары бойжеткенді сансыз сұрақтың астына алған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

"KeshYou"-дің экс-мүшесі Жұлдыз Өмірғали өзінің әлеуметтік желісіне салған жазбасы ел арасында қызу талқыға түскен.

"Бұл суретті менің жаным таңдап өзі жүктеді. Оның айтуынша мен бұл жерде нағыз қуыршақтай болып тұрмын. Бірақ бұл фото менің өзіме аса ұанамайды" , - деп жазды әнші.

Отандық жұлдыздың дәл осы жазбасынан кейін желі қолданушылар әншінің сүйіктісінің кім екенін анықтауға кіріскен.

Пікір білдірушілердің жартысынан көбі суретті жүктеген адамның Айқын екенін айтып жарыса жазған.

"Қанша жасыруға болады енді? Айқын екенін бәрі де біледі ғой", - деп жазды оқырман.

Айта кетейік, Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің ара-қатынасы жөнінде түрлі әңгімелер бар. Бірвқ жұлдыздар бұл ақпараттарды не мойындағане, не жоққа шығарған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1742206-zany-ajkyn-ba-zelige-zazba-kaldyrgan-zldyz-mirgali-srakty-astynda-kaldy/

pixel