RU
Жоғарғы оқу орындары жаңа заң аясында білім алудың төлем ақысын анықтады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Жоғарғы оқу орындары жаңа заң аясында білім алудың төлем ақысын анықтады

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда оқу төлемін білім ошақтардың өздері белгілеуге құқылы болатын жаңа заң енгізілген болатын. Бұл жаңашылдықтың арқасында оқудың ақшасы әлдеқайда төмендеуі мүмкін. Алайда, жағдай мүлде ұшығып кетуі де ықтимал деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: pixabay.com

Фото: pixabay.com

Бұған дейін қазақстандық жоғарғы оқу орындары тікелей мемлекет бекіткен жүйеге бағынатын болған. Ал, күні бүгін білім ошақтары оқу ақысын өздігінен басқаруға толықтай құқылы болды. Олар төлем мөлшерін не арзандатуы, не қымбаттатуы да өз еріктерінде.

Министрліктің айтуынша, бұл жаңашылдық еліміздегі жоғарғы оқуды қолжетімді ете түспек.

Кейбір аймақтарда білім алу қаладағымен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Мәселен, көкшетаулық студенттердың оқу ақысы 200 мың теңгеден басталады.

Тараз бен Ақтөбеде оқу сәл қымбаттырақ - 300 мыңнан жоғары. Ал Қарағандыда болса оқу ақысы 400 мың теңгеден басталады.

Ең қымбат оқу әрине Астана мен Алматы қалаларындағы білім ошақтарында бекітілген. Бұл шаһарлардағы төлем ақысы 350 мыңнан басталып 1,2 миллионға дейін жеткен.

Алайда, жақын арада бұл бағаларға күрделі өзгеріс енгізілуі мүмкін.

Көптеген жоғарғы оқу орындары бәсекелестерін басып озу үшін төлем ақысын анағұрлым арзандатуға тырысатынын анық. Бірақ бұл жақсы нәтиже бермейді дейді мамандар.

Білім министрлігінің бақылау комитеті жоғарғы оқу орындарының шығындарына тиітсі тексерулер жүргізіп тұрады.

Мамандар оқу ақысының қатты шарықтап кетуі орын алмайды деуде. Олардың айтуынша, мұндай жағдай орын алса елдегі 130 жоғарғы оқу орны тәлімгерлерсіз қалып қоймақ.Өйткені, ешкім қымбат төлегісі келмейді.

2018 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқу ақысы 10%-ға өсірілген болатын. Енді бұл білім ошағына ақылы түрде түскендер 974 мыңнан бастап 1,1 млн теңгеге дейін ақша төлемек.

Айта кетейік, оқу ақысының қымбат не арзан болуы жоғарғы оқу орындарының рейтингтеріне де байланысты болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel