RU
Жол апатынан қаза тапқан қазақстандық блогердің мүрдесі туыстарына берілді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Жол апатынан қаза тапқан қазақстандық блогердің мүрдесі туыстарына берілді

Рассказать Вконтакте

Ресейде жол апатынан мерт болған қазақстандық блогердің мүрдесі туыстарына берілді, деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ВКонтакте/stencepage

Фото: ВКонтакте/stencepage

«РФ ІІМ Челябі облыстық бас басқармасы Омбы қаласындағы Қазақстан консульдығына ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2018 жылдың 6 шілдесі күні Челябі облысы Ашинск ауданында «Мәскеу-Челябі» автомобиль жолының 1593 шақырымында жеңіл және жүк көліктерінің соғысуы салдарынан Қазақстанның үш азаматы қаза тапты.
Жеңіл көліктің жүргізушісі мен 2 жолаушысы жол-көлік оқиғасы орын алған жерде жарақаттан көз жұмды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қайғылы оқиғада қаза тапқан адамдар: автомобиль жүргізушісі Магазов К.К., 14.05.1963 дүниеге келген, Килаж С.К., 28.12.1999 жылы дүниеге келген, Оразбаев Д.И., 01.03.2000 дүниеге келген.

«2018 жылдың 7 шілдесінде қаза тапқандардың мүрдесі туыстарына берілді. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша РФ ІІІМ Ашинск аудандық бөлімі бастығының орынбасарымен процессуалды тексеру жүргізіліп, нәтижесінде қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылды», - деп атап өтті ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, алдын ала мәліметке сәйкес жеңіл көлік жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан. Көлік ішінде болған танымал блогер Назарбаев университетіне оқуға түскен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
6
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel