Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрсынбек Қабатов: Үш қызыма да жігітті өзім тауып беремін!

Опубликовано:

Танымал отандық әзілкеш Тұрсынбек Қабатов сұхбаты барысында қызына жігітті өзі тауып беретінін айтты. Айтуынша, ол балаларымен барлық тақырыптарда ашық сөйлеседі. Әзілкештің отбасы мүшелері арасында өзара үлкен сенім мен түсіністік қалыптасқан деп жазады NUR.KZ.

Фото: toiday.kz
Фото: toiday.kz: UGC

Тұрсынбек Қабатов күйеубаласын өзі таңдайтын болып шықты. Әзілкеш болашақта қызына жігітті өзі таңдап беретінін айтты.

"Үш қызыма да жігітті өзім тауып берем. Қыздардың бәрі соқыр ғой, инстаграмда отырып алып жігіт іздейді. Мен қазірден бастап балаларыммен ашық сөйлесем, барлық тақырыптарда", - деп айтты әзілкеш.

Оған қоса, Тұрсынбек Қабатовтың 13 жасар қызы әкесі таңдап берген жігітке тұрмысқа шығатынын да айтқан.

Қазақстандық шоуменнің пікірі желі қолданушыларын екіге бөлді. Бірі әзілкештің сөзімен келіссе, басқалары бұл ұстанымға қарсы болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1742234-trsynbek-kabatov-s-kyzyma-da-zigitti-zim-tauyp-beremin/

pixel