RU
Бейіттегі орын үшін тұрғындар арасында лоторея ойнатылмақшы
Жаңалықтар Әлемде

Бейіттегі орын үшін тұрғындар арасында лоторея ойнатылмақшы

Рассказать Вконтакте

Германияның Берхтесгаден қаласының билігі тұрғындар арасында ескі бейіттегі орындар үшін лоторея ойнатпақ деп хабарлайды Ox.Az-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі сурет: wallpaperstock.net

Көрнекі сурет: wallpaperstock.net

Олар арнайы осы үшін 200 бос жер телімін де дайындап қойған.

17 ғасырдан бері келе жатқан бұл бейіт тұрғындардың сұранысына ие екен. Бірақ бірнеше жылдан бері әкімдік жер телімдерінің азаюына байланысты оларға бермеген.

Биліктегілер бейіттегі орындарды алуға барлығының мүмкіндіктері теңдей болу үшін арнайы осындай лоторея ұйымдастырған.

Ұтысқа қатысу үшін 280 тұрғын өтініш білдіріпті. Ал бұл шағын қалада небәрі жеті жарым мың адам тұрады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
1
1
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel