RU
Тәрбиеші ыстық сорпаға толы кәстрөлді балақайдың үстіне төгіп алды
Жаңалықтар Әлемде

Тәрбиеші ыстық сорпаға толы кәстрөлді балақайдың үстіне төгіп алды

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанда балабақша тәрбиешісі алты жасар қыздың үстіне ып-ыстық сорпаны төгіп алды деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі сурет: Sputnik Өзбекстан

Көрнекі сурет: Sputnik Өзбекстан

Білім министрлігінің мәліметінше, түскі астың алдында қолында ыстық сорпасы бар кәстрөлді ұстап тұрған тәрбиешінің көмекшісі жүгіріп келген балақайды байқамай қалып, үстіне ыстық сорпаны төгіп жіберген. Салдарынан қыз бала екінші және үшінші дәрежелі күйік алып, сол жақ қабағы жарылып кеткен.

Кейін белгілі болғандай, балабақша қызметкерлері жедел жәрдем шақырмапты. Сондай-ақ, олар болған оқиға жайлы білім бөліміне де ескертпеген.

Балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылып, тексеріс жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
2
5
6
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel