Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Франция 20 жылдан соң әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

Опубликовано:

Франция Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының жеңімпазы болып атанды деп хабарлайды NUR.KZ.

Сурет: FIFA
Сурет: FIFA: UGC

Матчтың бірінші таймы 2:1 есебімен Франция құрамасының пайдасына шешілген еді. Француздар екі голды да пенальтиден соққан болатын.

Сурет: QazSport
Сурет: QazSport: UGC

Сондай-ақ, футболдан әлем чемпионатының финалында тарихта бірінші рет автогол соғылды. Матчтың 18-минутында Марио Манджукич өз қақпасына гол соққан еді.

Ойынның 28-минутында Иван Перешич француздардың қақпасына гол соққан болатын.

Тартысты кездесудің 38-минутында Гризманн, 59-минутында Погба, 65-минутында Мбаппе, 69-минутында Манджукич гол соқты.

Айта кетейік, ФИФА-ның футболдан 21-ші әлем чемпионаты 14 маусым мен 15 шілде аралығында Ресейдің 11 қаласында (12 стадион): Волгоград, Екатеринбург, Қазан, Калининград, Мәскеу, Нижний Новгород, Ростов, Самара, Санкт-Петербург, Саранск және Сочиде өтті. Топтық кезең 28 маусымда аяқталса, финалдық ойындар 15 шілде күні өз мәресіне жетті. Бұл жарысқа әлемнен ең таңдаулы 32 ұлттық құрама қатысқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1742324-francia-20-zyldan-so-lem-cempionatyny-zeimpazy-atandy/

pixel