Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы Макгрегордың Путинді құшақтап түскен суреті желіні жарды (фото)

Опубликовано:

Ирландияның аралас стильдегі спортшысы, жеңіл салмақтағы Абсолютті төбелес чемпионатының бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор футболдан әлем чемпионаты кезінде Владимир Путинмен кездесіп, Ресей президентін "әлемдегі ең ұлы көшбасшылардың бірі" деп атады. Бұл туралы rsport.ria.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Сурет: vesti.kz
Сурет: vesti.kz: UGC

Путин финалдық матчтың үзілісі кезінде бейресми ортада шетелдік көшбасшылар мен басқа да қонақтармен кездесті. Оның ішінде Конор Макгрегор да бар. Кездесу соңында олар бір-бірінің қолынан алып, суретке түскен.

Спортшының сөзінше, оны финалдық матчқа Ресей президентінің қонағы ретінде арнайы шақырыпты.

"Бұл адам - заманымыздың ұлы көшбасшыларының бірі, мен президентпен бірге осындай шараға қатысу құрметіне ие болдым", - деді Макгрегор өзінің Instagram парақшасына салған жазбасында.

Спортшы Ресейді осындай керемет шараны ұйымдастырғанымен құттықтап, "Россия, вперед!" деп қорытындылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1742344-atysuly-makgregordy-putindi-ksaktap-tsken-sureti-zelini-zardy-foto/

pixel