Танымал отандық тележүргізуші Асқар Мендібаев өзінің сүйіктісіне сөз салып, үйленетінін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
Асқар бұл жайлы ақпаратты өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялаған.
"Ол "Иә!" деді. Мен оны өмір бойы іздедім, ал ол әрқашан менің қасымда болыпты!", - деп жазды тележүргізуші.
"Ұсыныс жасалды!", - деп жазды Асқар.
"Жаңа отбасының дүниеге келуі! Ұсынысты өзімнің туған күнімде жасауды жөн санадым! Қызық сыйлық! Анам мен Айым", - деп жазды Мендібаев.
Белгілі болғандай, Асқардың сүйіктісінің есімі - Айым Кәріпжанқызы.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1742385-mir-bojy-izdedim-tanymal-telezrgizusi-sjiktisine-sz-saldy-foto-video.html