RU

"Өмір бойы іздедім": Танымал тележүргізуші сүйіктісіне сөз салды (фото, видео)

Танымал отандық тележүргізуші Асқар Мендібаев өзінің сүйіктісіне сөз салып, үйленетінін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Асқар бұл жайлы ақпаратты өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

"Ол "Иә!" деді. Мен оны өмір бойы іздедім, ал ол әрқашан менің қасымда болыпты!", - деп жазды тележүргізуші.

"Ұсыныс жасалды!", - деп жазды Асқар.

"Жаңа отбасының дүниеге келуі! Ұсынысты өзімнің туған күнімде жасауды жөн санадым! Қызық сыйлық! Анам мен Айым", - деп жазды Мендібаев.

Белгілі болғандай, Асқардың сүйіктісінің есімі - Айым Кәріпжанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1742385-mir-bojy-izdedim-tanymal-telezrgizusi-sjiktisine-sz-saldy-foto-video.html