RU
Жүктілік кезінде ашудың жетегіне ермес үшін не істеу керек?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Жүктілік кезінде ашудың жетегіне ермес үшін не істеу керек?

Рассказать Вконтакте

Жүктілік - әйел адамның организмі үшін ауыр белес. Аяғы ауыр әйел бала денсаулығы үшін жүйке жүйесін күтіп ұстауы керек. Дегенмен, гармондар болашақ анаға ашуланбауға жол бермейді. Олай болса NUR.KZ порталы жүктілік кезінде ашуланбаудың жеті түрлі жолын айтады.

Жүкті әйелдер

Көрнекі фото

1. Жүкті әйелдерге арналған курстар

Бала көтеру, босануға дайындық – әйел адамның жүйкесіне оңай тимейді. Шын мәнінде ең қорқыныштысы – белгісіздік. Алғаш рет көтерген кезде курстарға бару артық етпейді. Себебі онда тәжірибе алмасуға немесе толық ақпарат алуға болады.

2. Спортпен айналысу

Аквааэробика, йога, пилатес тіпті жай ғана жаяу серуендеудің өзі ана мен бала денсаулығына зор пайдасын тигізеді. Жаныңызға жақын спорт түрін таңдап, тұрақты түрде айналысуға тырысыңыз.

3. Баламен сөйлесу

Зерттеулер бойынша жаңа туылған нәрестенің жылаған дауысы анасының интонациясына сәйкес келеді. Бұны тексеру мүмкін емес, бірақ ана дауысының балаға әсер ететіндігі ғылыми дәлелденген. Баланы жұбату мен еркелету арқылы сіз өзіңізді де тыныштандыра аласыз.

4. Алдын-ала жоспар құру

Кейде туу уақыты жақындаған сайын бітпеген жұмыстар саны көбейетін кездер болады. Басыңызда толған мәселе барда жүйкені тыныштандыру мүмкін емес. Босануға дейінгі бітіру керек жұмыстарды қағазға жазып, жоспар бойынша орындап қой.

5. Қолдаушы іздеу

Жүктілік барысында ішіңдегіні сыртқа шығару үшін сені барынша түсінетін сырлас дос керек. Ол бәлкім сенің анаң, құрбың, әпкең немесе күйеуің болуы мүмкін. Сөздің де емдейдің қасиеті бар.

6. Өзіңді еркелету

Халық арасында кең тараған ырым бойынша аяғы ауыр келіншек өзін қуантып, еркелетіп жүрсе, бақытты баланы дүниеге әкеледі. Сондықтан өзіңізді бірінші орынға қойыңыз.

7. Жаңа нәрсеге үйрену

Жүктілік – жаңа нәрселерді үйренуге берілген жақсы мүмкіндік. Осы кезеңді пайдала отырып жаңа курстарға баруға болады. Біріншіден, бұл сіздің жаман ойлардан алшақтатады, екіншіден, жеке тұлға ретінде дамуға көмектеседі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel