Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болашақта жақсы күйеу болатын жігіттің 5 белгісі

Опубликовано:

Қарым-қатынас бойынша мамандар өмірлік серігіңізді таңдау барысында не нәрсеге басты көңіл бөлу керектігін атап айтты. Жігіттің болашаққа жақсы жар болатынын көрсететін бес белгіні NUR.KZ ұсынады.

Болашақта жақсы күйеу болатын жігіттің 5 белгісі
Болашақта жақсы күйеу болатын жігіттің 5 белгісі: UGC

2. Ол сізге және сіздің қалауларыңызға құлақ түреді

Көпшілік қыздардың ойынша нағыз жігіт үстелді бір ұрып: "Енді барлығы тек менің айтқанымдай болады, сен мендіксің", - деп айтады. Ал шын мәнінде шынайы махаббат серігіңіздің де қалауларына құлақ түру. Егер сүйіктіңіз сіздің әрбір сөзіңізге мән берсе, ойланбастан тұрмысқа шығуға келісім берсеңіз болады.

3. Оның өмірге қойған мақсаттары мен жоспарлары бар

Әрине жігітті қоқыс арасынан тауып алып, жеңістің биік шыңына жеткізетін қыздар бар. Бірақ олар көбінесе ертегілерде кездеседі. Егер ересек жігіттің өміріне қойған мақсаты мен жоспары жоқ болса, келешегіңізді оған сеніп тапсырудың да қажеті жоқ. Қыз жігітке өз мүмкіндіктерін одан әрі дамытуға көмектесуге керек, ал ол мүмкіндік жоқ болса, босқа күш салып әуре болмаңыз.

4. Ол дәстүрлі отбасылық құндылықтарды бағалайды

Егер жігіт ешқашан үйленгісі келмейтінін айтып, отбасылық өмірден қашатын болса, оған керісінше дәлелдеудің қажеті жоқ. Оның ата-анасымен қарым-қатынасын байқаңыз. Дегенмен, ересек жігіт анасының айтқанынан шықпайтын болса да дұрыс емес.

5. Ол жан-жақты дамыған

Жігіттің қызығушылықтары көп болған сайын, отбасылық өмірде қолайлы бола түседі. Жұмыстан басқа ешнәрсеге көңіл бөлмейтін жігітті өмірлік серік қылып таңдамаңыз. Ондай адаммен өмірге деген құштарлық төмендей береді, нәтижесінде отбасылық өмір нағыз тозаққа айналуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1742488-bolasakta-zaksy-kjeu-bolatyn-zigitti-5-belgisi/

pixel