Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуіңіз көзіңізге шөп салмас үшін не істеу керек?

Опубликовано:

Танымал көріпкел әйелдерге күйеуі көзіне шөп салмас үшін жасалатын кеңестерімен бөлісті. Бұл туралы WomansDay журналына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: getty images
Фото: getty images: UGC

Диана Филимонова – қазақстандық танымал көріпкел әрі сиқыршы. 25 жылдық тәжірибесі бар көріпкел 2017 жылы "Мегаполис Тайм" журналының анықтауымен "Ең үздік эктрасенс" және ТНТ, "Мир24", НТВ арналарының арнайы қонағы тату өмірдің құпиясымен бөлісті.

1. Күйеуіңізді жеңіл жүрістен сақтау үшін аяқ киімдерінің бауын алмастырып байлап қою керек. Яғни түн жарымында, үйде барлығы ұйқыға кеткен уақытта екі жұп аяқ киімнің бауларын алмастырып байлаңыз.

2. Кішкентай құлып алып есік алдына тастау керек. Күйеуіңіз үйге кіріп табалдырықты аттағаннан соң құлыпты "Сенің үйің, сенің табалдырығың, сенің әйелің. Аумин", - деп айтып, кілттеп тастау керек. Құлыпты ешкім көрмейтін жерге жасырып қойыңыз, ал кілтті мойныңызға тағып жүрсеңіз болады.

3. Егер жұбайыңыз үйге кеш қайтуды шығарса, ол күнде өзі пайдаланатын ыдысқа су құйып, табалдырыққа қойып, мына сөздерді айтыңыз: "Құдайдың құлы (аты-жөні), мынау сенің табалдырығың, сенің үйің, сенің суың ешқайда бұрылмай үйге тура кел. Әмин", - деп айтыңыз. Ал күйеуіңіз үйге келген соң осы суды міндетті түрде ішкізіңіз.

4. Өзіңіздің және күйеуіңіздің іш киімдерін бір-біріне қарама-қарсы қойып, сыртынан әдемі орамалмен орап, қызыл жіппен тігіп қойыңыз. Сонда ол жүріс жасамайтын болады.

5. Төсектің астына қайшы қойып: "Басқа әйелдерге жүрмесін, тек әйелі маған ғана адам болсын", - деп үш рет айтыңыз.

Айта кетейік, бұл айтылып отырған әдістер сіз сиқырға сенбесеңіз де орындалады. Себебі бұлар ескі заманнан бері талай рет тәжірибеден өткен әдістер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1742502-kjeuiiz-kziizge-sp-salmas-sin-ne-isteu-kerek/

pixel