Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көшбасшы, әкім, ғалым болатын балалар қай айда жиі өмірге келеді?

Опубликовано:

Нумерология ғылымы соңғы жылдар бойы маңыздылығын артып келеді. Себебі әрбір адамға болашақты болжау мен келешекті көру қызықты. Нумеролог-ғалымдар баланың туылған айына қарай мінезіндегі ерекшеліктері мен бойындағы таланттары туралы айтып берді. Олай болса болашақ сәбиіңіз туралы NUR.KZ.

Фото: yandex.com
Фото: yandex.com: UGC

Ортақ ерекшеліктер

Нумерологтардың айтуынша 20108 жылы дүниеге келген балалардың бойында парыз сезімі басым. Оларға сенуге, арқа сүйеуге болады. Олар сенімді әрі жақсы мінезді.

Баланың туған айы бойынша болжамдар

Қаңтар, қазан, қараша, желтоқсан

Бұл айда нағыз "бастықтар" дүние. Олар – көшбасшылар, бастықтар, өмірде алдарыңа қойған мақсаттары айқын және күш жігері мықты адамдар.

Ақпан, желтоқсан

Туған айы салқын болғанымен жүрегі жылы жандар. Бұл айда нағыз белсенді балалар дүниеге келеді. Олар өте эмоциональды, күшті, ашық-жарқын болып туылады. Бұндай балалар кейін өскенде тамаша программист, блогер немесе саясаткер болуы мүмкін.

Наурыз

Жылдың үшінші айында шығармашылыққа жақын балалар өмір есігін ашқан. Олар сабақты жақсы оқиды, кітапты сүйеді. Сонымен қатар өмірге құштар болып келеді. Олардын өскенде жақсы суретшілер, актерлер, дизайнерлер немесе журналистер шығады.

Сәуір

Көктемнің екінші айында өмірге туа бітті фотомодельдер, спортшылар немесе опера әншілері келеді. Бұл адамдар сұлулыққа құмар және тез баюға бейім.

Мамыр

Мамырда зерттеушілер, ғалымдар, дәрігерлер туылады. Олар болашақта ақылдарының арқасында өмір сүреді. Тіпті нағыз ізкесуші немесе данышпан десек те болады.

Маусым

Жаздың басында нағыз атаққұмар жандар өмір есігін ашады. Олар өздеріне назар аудартқанды жақсы көреді, кейін әйгілі әрі бай адамға айналады.

Шілде

Шілде туылған балаларды табиғаттың еркесі десе де болады. Олардың жолы болғыш. Өскенде жақсы психолог бола алады. Себебі шілде айында туған сәбилердің бойында адамды тыңдата білу қасиеті жақсы дамыған.

Тамыз

Бұл айда нағыз сенімді, қайырымды және махаббатқа толы жүрек иелері туылады. Олар болашақ құтқарушылар, дәрігерлер, мұғалімдер немесе композиторлар. Осындай адамдардың арқасында біз әлі күнге дейін достық мен махаббатқа сеніп келеміз.

Қыркүйек

Күздің бірінші айында болашақ тіл мамандары, аудармашылар, тарихшылар, саяхатшылар дүниеге келеді. Бұл балалар ерте сөйлеп, жүруді де тез үйреніп алатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1742508-ksbassy-kim-galym-bolatyn-balalar-kaj-ajda-zii-mirge-keledi/

pixel