Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкесі ішкілікке салынған қыз анасына басқа жар іздеуде

Опубликовано:

Әкесі ащы судың құлы болғанына күйінген қыз анасына басқа жар іздеп, бағын ашпақшы деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото желдіен алынды
Көрнекі фото желдіен алынды: UGC

Желі отырып жан сырын ақтарған бойжеткен отбасында үш ағайынды. Үшеуі де қыз болғандықтан тұрмысқа ерте шығып, ішкіш әкелері мен аналарын тастап кетуге мәжбүр болған.

"Біз кішкентайымыздан әкеміздің арақ ішкенін көріп келеміз. Осы күнге дейін анамды көп қинап, масқарасын шығарып келеді. Әкемізден көрген қорлығымыз тек қана Аллаға аян», - деп жазды.

Оның айтуынша әкесі ащы судың кесірінен жазылмайтын ауруға шалдыққан. Ал үш қызын да құтты орнына ұзатқан анасы өзге еркекпен көңіл қосқан. «Мен анамды қолдаймын. Әкемнің қасында тұрып қаншама жыл қорлыққа шыдады. Енді оның да бағы ашылса екен», - деп жазды бойжеткен.

Желі қолданушысының жазбасына оқырмандар да қосылды. Олардың көпшілігі «Дұрыс айтасың, жақсы адам болса кете берсің», «Анаңның бағы ашылсың», - деп жазып, қолдау көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1742513-kesi-iskilikke-salyngan-kyz-anasyna-baska-zar-izdeude/

pixel