Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аққа Құдай жақ: Ернар Айдар Роза Рымбаеваға жауап берді

Опубликовано:

Осыдан біраз уақыт бұрын Розы Рымбаева Ернар Айдарды "той әншісі" деп сынаған болатын. Арада біршама уақыт өткенде әнші өзін сынаған халық әртісіне жауап қайтарды деп хабарлайды "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ернар Айдар, Роза Рымбаева. Фото-коллаж: NUR.KZ
Ернар Айдар, Роза Рымбаева. Фото-коллаж: NUR.KZ: UGC

Баспасөз мәслихаты барысында тілшілердің бірі биылғы "Славян базарында" Қазақстанның намысын қорғайтын Ернар Садырбаевқа "Ернар Айдардан кейін қаншалықты танымал боламын деп ойлайсыз? Қорықпайсыз ба?" деген сұрақ қойып, бұл сауалдарға Ернар Садырбаев жауап беруден бас тартты.

Сол сәтте, Роза Рымбаева бұл сұраққа өзі жауап берген болатын.

"Менің ойымша, әншінің атын шығаратын — ол оның әні, шығармашылық өнері. Ернар Айдар мен "Әмірені" салыстыруға болмайды. Мен маман ретінде айтайын. Ернар Айдар — өзбектің немесе түріктің әнін орындап жүрген тойдың әншісі. Ал біздің мына баламыз — бүгінгі Ернар конкурсқа қатысатын әнші", - деп пікір білдірді Роза Рымбаева.

Ал Ернар Айдар өзін сынаған халық әртісіне аса ренжімеген. Тіпті ондай сынға қарауға уақыты да жоқ екенін айтты.

"Роза Қуанышқызы әпкеміздің мен туралы айтқанын көрдім. Бірақ менің оған ешқандай қатысым жоқ. Менің айтқанымды істей салатын Роза әпкеміз де ондай кісі емес. Өзі бұйырғаны болады, мені сүйетін болса, менің нағыз тыңдармандарым болса, келеді. "Аққа Құдай жақ" дейді ғой. Осы уақытқа дейін аяқтан шалғандар да болды. Бұдан да үлкен кедергілер болуы мүмкін. Оларға қарауға уақыт жоқ. Себебі, өз жұмысын сүйген адам ештеңеге қарамайды”, – деп Ернар Айдар өзіне сын айтқандарға жауап қайтарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1742552-akka-kdaj-zak-ernar-ajdar-roza-rymbaevaga-zauap-berdi/

pixel