RU
Киевтік клубтың ойыншысы Путиннің қолын алмай қойды (видео)

Киевтік клубтың ойыншысы Путиннің қолын алмай қойды (видео)

Рассказать Вконтакте

Киевтік "Динамо" мен Хорватия құрамасының қорғаушысы Йосип Пиварич әлем чемпионатының марапаттау рәсімінде басы дауға қалды. Ол Ресей президенті Владимир Путиннің қолынан алмаған деп хабарлайды segodnya.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Йосип Пиварич. Сурет: Зеркало недели

Йосип Пиварич. Сурет: Зеркало недели

Франция құрамасы хорватиялықтарды 4:2 есебімен жеңіп кетіп, тарихта екінші рет әлем чемпионы атанған болатын.

Танымал тұлғалар тұрған тұғырға бірінші болып хорват футболшылары көтеріліп, оларға күміс медальдар табысталған еді.

Футболшылар шенді тұлғаларға біртіндеп жақындап, медальдарын алып, қолдарынан алған.

Пиварич өзінің марапатын ФИФА президенті Джанни Инфантинодан алып, жанында тұрған Владимир Путиннен өтіп кетіп, УЕФА төрағасы Александр Чеферинге қарай беттеді.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
31
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel