Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сегіз сері Баһрамұлының 200 жылдығына орай футболдан халықаралық турнир өтті (фото)

Опубликовано:

Шілде айының 13-15 аралығында Петропавл қаласында әлем қазақ жастары арасында Сегіз сері Баһрамұлының 200 жылдығына орай өткізілген мини футболдан "Er Janibek Cup - 2018" халықаралық турниры өтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Талғат Таныбаевтың Facebook парақшасынан алынды
Фото: Талғат Таныбаевтың Facebook парақшасынан алынды: UGC

Биылғы жылы төрт мәрте өткізілген турнир Франция, Австрия, Дания, Түркия, Иран, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия және еліміздің бірнеше аймағынан 25 құраманың басын қосты.

Алғашқы күні қонақтар Қызылжардың көрнекті орындарымен танысты. Абылайхан резиденциясы, Облыстық өлкетану музейі, кешке арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Фото: Талғат Таныбаевтың Facebook парақшасынан алынды
Фото: Талғат Таныбаевтың Facebook парақшасынан алынды: UGC

14 шілде іріктеу ойындары, 15 шілде финалдық сайыстар өтті.

Жалпы жүлде қоры 2 млн теңге болған турнирдың қорытындысында бірінші орынды иеленгендер бір млн теңгеге ие болды.

I, III орындарды – алматылық "Сауыр", "Бірлік керуен" құрамалары иемденсе, II орынды Бішкектен келген команда қанжығасына байлаған.

Фото: Талғат Таныбаевтың Facebook парақшасынан алынды
Фото: Талғат Таныбаевтың Facebook парақшасынан алынды: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1742629-segiz-seri-baramlyny-200-zyldygyna-oraj-futboldan-halykaralyk-turnir-tti-foto/

pixel