Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүркіттің келіншегі күйеуіне арнап жан тебірентерлік жазба қалдырды

Опубликовано:

Бүгін отандық танымал әнші Бүркіттің туған күні. Атақты әншінің айдай сұлу әйелі "Айбечигін" жеке мерекесімен құттықтап, жан тебірентерлік жазба қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Елімізге танымал жұп Айша мен Бүркіт жақында ғана үшінші сәбилері дүниеге келіп, шаңырақтары қуанышқа кенелген болатын.

Әншіге екі ұлдан кейін Сафия есімді қыз сыйлаған Айша бүгін желіде жарын туған күнімен ерекше құттықтады.

"Бүгін мен үшін ең қымбат жанның туған күні. Айбечик, құттықтаймын! Мен сенің әйелің болғаным үшін бақыттымын. Мен үшін батыр екініңді білгеніңді қалаймын.

Мен сенімен мақтанамын! Сен ештенеден қорықпайсың! Сен үшін ешнәрсе кедергі емес! Сен біздің балаларымыз үшін үлгі тұтарлық адамсың! Отбасымыздың тірегісің.

Махаббатың үшін рахмет! Сенің біз үшін жасап жатқандарыңның барлығын бағалаймын", - деп жазды.

Айшаның жарына арнаған сезімге толы сөздеріне елжіреген желі қолданушылары жұлдызды жұпқа ақ тілектерін жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1742654-brkitti-kelinsegi-kjeuine-arnap-zan-tebirenterlik-zazba-kaldyrdy/

pixel