Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелді бағындырған қазақ жұлдыздары туралы не білеміз?

Опубликовано:

Қазақстанда жолы болмай қалып, шетелде бағын сынап көрген қазақстандықтар арасында шынымен жұлдызын жаға алғандар баршылық. Отандық шоу-бизнестен өзіне орын таба алмай, өзге елдің өнер саласына жүгінуге мәжбүр болғандар кімдер? Бұл сұрақтың жауабын NUR.KZ анықтап көрді.

Шетелде жұлдызы жанған қазақстандықтар кімдер?
Шетелде жұлдызы жанған қазақстандықтар кімдер?: UGC

Өз елінде бағаланбай қалған бірқатар өнер иелері мойымай, шетелге барып өзінің кәсіби деңгейін мойындата алды. Осыған орай, басқа ел жұлдызын жаққан қазақстандықтар топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.

1.Назима Жәнібекова.

Фото: uznayvse.ru
Фото: uznayvse.ru: UGC

Ресейлік бағдарламада өзін барынша кәсіби әнші ретінде көрсете алған Назима жайлы Қазақстан жұртшылығы жақын арада ғана танып біле бастады. Шымкенттік қыз отандық шоу-бизнестен қайыр болмаған соң, өз күшін Ресейде сынап көруге бел буған.

Талантты әнші өз таңдауында қателеспеді. Ол "Песни" байқауының фавориттері қатарына бірден кіріп, әйгілі Тиматидің лейбліне жұмысқа тұрды. Енді қазақстандық әнші ресми түрде Black Star бірлестігінің әртісі.

2. Димаш Құдайберген

Фото: uznayvse.ru
Фото: uznayvse.ru: UGC

Күллі әлем назар тіккен "I am singer" жобасы жаңа тума талантты дүниежүзіне танытты. Димаш Құдайберген байқаудың бас жүлдесіне ие болмаса да, әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған жанкүйерлердің жылы ықыласы мен үлкен махаббатына бөленді. Кезінде отандық байқауда сөгіс естіп бағаланбаған дарын иесінің жұлдызы Қытайда жағылған.

3. Геннадий Головкин.

Фото: uznayvse.ru
Фото: uznayvse.ru: UGC

Қазақстандықтарды ұйқысын қиып таңғы жетіде тұрғызатын жалғыз отандасы танымал спортшы Геннадий Головкин. Елде боксшының жекпе-жектерін қалт жіберетін адам жоқ. Қазақстандағы жетістіктеріне қарамастан бокс әлеміне GGG-ді АҚШ танытқанын мойындауымыз керек.

4. Самал Ислямова

Фото: uznayvse.ru
Фото: uznayvse.ru: UGC

Канн фестивалінің арқасында асқан танымалдылыққа ие болған отандық актриса кинодағы жолын Ресейден бастаған. Самалдың басты рөлді сомдаған фильмі әйгілі Канн фестивалінде жеңіске жетіп, киносыншылар мадағына ие болды. Қазақстандық актриса "үздік актриса" номинациясын жеңіп алды.

5. Скриптонит

Фото: uznayvse.ru
Фото: uznayvse.ru: UGC

Жанкүйерлері қанша болса, оған қарсы болған адамдары да сонша көп болған Скриптонит өзінің ерекше музыка стилімен ресейлік хип-хоп және рэп саласын жаулап алды. Баста, Гуф және тағы да басқа танымал тұлғалардың жоғары бағалауына ие болған қазақ жігіті бір-ақ сәтте атақ пен құрметке ие болып шыға келді. Қазіргі таңда ол Бастаның "Газголдерй лейблінің ресми мүшесі болған.

6. Jah Кhalib

Фото: uznayvse.ru
Фото: uznayvse.ru: UGC

Бұл әншінің шығыстық мотивтері ресейлік шоу-бизнесте жоғары бағаланған. Ол МузТВ арнасының "жыл жаңалығы" номинациясын ұтып алған тұнғыш қазақстандық әртіс болды. Әншінің ерекше туындылары көптеген ресейлік әріптестеріне ұнаған. Олар тіпті Jah Jalib-пен дуэт жазғысы келетіндерін айтып жасырмауда.

7. Тимур Бекмамбетов

Фото: uznayvse.ru
Фото: uznayvse.ru: UGC

Кино әлемінің үздігі атанған режиссер Ресейде ғана емес, Еуропа және АҚШ-та да үлкен құрмет пен даңқа ие. Маманның түсірген фильмдері көптеген байқауларға ұсынылып, сәйкесінше жүлделі орындар алып жатыр.

8. Нұрлан Сабұров

Фото: uznayvse.ru
Фото: uznayvse.ru: UGC

Танымал отандық әзілкеш "Stan up1 шоуына қатысамын деп күллі әлемге өзінің кім екенін көрсетті. Оның қалжыңдарына бүкіл зал күліп, нөмірінің соңында көрермендер тұрып қол шапалақтайды. Ресейде бағы жанған әзілкеш отбасымен сонда қоныс аударған. Ол ресейлік ТНТ арнасында жұмыс істеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1742676-seteldi-bagyndyrgan-kazak-zldyzdary-turaly-ne-bilemiz/

pixel